ЕАЭО үшінші елдермен электронды кедендік ақпарат алмасуды енгізбек

None
None
АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) коллегиясының 5 маусым күнгі отырысында сауда, ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мәселелері қаралды. Бұл туралы ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып ҚазАқпарат хабарлайды.

«Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы жалпы процестердің тізімі толықтырылды, жекелеген тауарларға арналған кедендік әкелім алымдарының мөлшерлемесі төмендеді. Одақ аясындағы жалпы процестердің тізімін тағы бір процеспен толықтыру туралы шешім қабылданды, бұл процесс ЕАЭО мемлекеттерінің үшінші елдермен кедендік ақпаратты электронды түрде алмасуына мүмкіндік береді. Әзірге ақпарат алмасу Одақ пен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы келісім аясында жүзеге асырылады. Ол әрі қарай басқа да сауда келісімдерінің аясында мәлімет алмасуға қолданылады», - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Одан бөлек, Ресей Федерациясының ДСҰ аясындағы міндеттемелеріне сәйкес, жекелеген тауар түрлеріне Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифтегі (БКТ) әкелім кедендік алымдарының мөлшерлемесі төмендетілді. Атап айтсақ, бұл өзгерістер оқ-дәрі, отшашу, матрац негіздерінің жекелеген түрлеріне қатысты. Мөлшерлеме 1-2 пайыздық тармаққа төмендетілген. Бұл шешім Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шартты-құқықтық базасын көптарапты сауда жүйесі аясында жұмыс істеуге бейімдеу жөніндегі жоспарға сәйкес қабылданып отыр. Құжатты 2012 жылы ЕЭК Коллегиясы бекіткен болатын және ол ЕАЭО БКТ-ына жыл сайынғы түзетулер енгізуді ескереді. Алымдардың жаңа мөлшерлемесі 2018 жылдың 1 қыркүйегінде күшіне енеді. 

Соңғы жаңалықтар