ЕАЭО үкімет басшылары жолаушылар қатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылайды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – 9 қазан күні Ереванда жоспарланған Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының басты тақырыбы коронавирус инфекциясының салдарын еңсеру мәселелері болмақ. Бұл туралы брифинг барысында ЕЭК Алқасы төрағасының көмекшісі Ия Малкина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«Басты тақырып - Одақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен жолаушылар қатынасын қалпына келтіру. Бұл мәселе өткір болып отыр, барлық елдер мен азаматтар нақты шешімдерді күтуде.

Тараптар қатынасты қалпына келтіру қауіпсіздігі шарттарының тізбесіне уағдаласа алатынына үміттенеміз», - деп хабарлады И.Малкина.

«Еуразиялық интеграцияны дамыту жөніндегі Стратегияның қалған келісілмеген позициялары қарастырылады. Бұл мәселе бойынша сындарды диалог өтетініне үміттенеміз.

Сондай-ақ, күн тәртібінде Одақтың ішкі нарығындағы 2018-2019 жылдардағы алу және шектеулерді жою мәселесі тұр», - деді ол.

Бұдан басқа, премьер-министрлер ЕАЭО-да тауарларды трансұлттық электрондық саудалауды реттеудің негізгі бағыттары мен экспортты дамытудың бірлескен шараларын қарастырады.

Сондай-ақ, күн тәртібінде ЕЭК-тің бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесінің кандидатурасы қаралмақ, оны кейіннен мемлекет басшылары мақұлдауы тиіс. Еске сала кетсек, аталған орын 14 қыркүйекте Серік Жаманғарин ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалғаннан кейін босады.

Сондай-ақ И.Малкина Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресей премьер-министрлерінің Еревандағы кездесуге қатысуға дайын екендігін мәлімдеді. «Қазіргі кезде біз Қырғыз Республикасынан қатысу форматы туралы хабар күтіп отырмыз», - деді ол.

Авторы: Нарымбек Исмағұлов



Соңғы жаңалықтар