ЕАЭО Үкімет басшылары цифрландыру келешегін талқылау үшін Алматыда бас қосты

None
None
АЛМАТЫ. КАЗИНФОРМ - Бүгін Еуразиялық экономикалық одақ Үкімет басшылары цифрландыру мәселелерін талқылау үшін Алматыда бас қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл форум Еуразия инновациялық экожүйесін дамытуға бағытталған. Жиынды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өткізіп жатыр. Биыл алқалы басқосуда әлемнің ірі ІТ компанияларының негізін қалаушылар, халықаралық ІТ технопарк басшылары, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Сингапур, Швейцария және ТМД елдері технологиялық индустриясының 50-ден аса өкілі озық тәжірибесімен бөліседі.
null

«Жаһандану дәуіріндегі цифрландырудың күн тәртібі 2.0.» шеңберінде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Армения вице-премьері, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы пленарлық отырысқа қатысады.
null

Қатысушылар Еуразия технопарктерінің интеграциясы перспективаларын, ортақ инновациялық жобалар құру мүмкіндігін, ІТ саласындағы стартап компанияларды қолдау мәселесіндегі тәжірибелерімен бөліседі. Одан бөлек ЕАЭО цифрландыру күн тәртібіне сәйкес инновациялық экожүйе, 4.0 Индустриясының дамуы, тұрақты даму көрсеткіштеріне жету, ШОБ цифрландыру мәселесіне бағытталған 5 панельдік отырыс жоспарланған.

Айта кетейік, «Жаһандану дәуіріндегі цифрландырудың күн тәртібі 2.0.» дәстүрлі форумы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп келеді. Алқалы жиын ЕАЭО мүше елдері арасында цифрлық технологияларды біріге дамытуға бағытталған.

null

Соңғы жаңалықтар