+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

ЕАЭО соты тәуелсіз орган ретінде өз міндетін орындауы тиіс- ҚР Президенті

2019 жылғы 1 қазан 19:19
Бөлісіңіз:
ЕАЭО соты тәуелсіз орган ретінде өз міндетін орындауы тиіс- ҚР Президенті

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – ЕАЭО сотының шешімін экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орындамай жататын кездері болады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Вице-министр: Ресей нарығына енген отандық компаниялар проблемаларын айта бермейді ҚР Президенті: ЕАЭО маңызды интеграциялық бірлестіктердің біріне айналды ЕАЭО-ның перспективті тенденциялары қандай

«Еуразиялық экономикалық одақтың соты толығымен өзінің міндетін, тәуелсіз орган ретінде жүктелген тапсырманы орындауы тиіс. Қабылданған шешімдер әйтпесе, консультативті сипатқа ие болып барады. Тараптардың ЕАЭО сотының шешімін назарға ала бермейтін кездері де бар. Қолданыстағы тәжірибеге талдау жасай отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстарының бірінде ЕАЭО сотының рөлін арттыру бойынша ұсыныстар ортаға салынуы тиіс», - деді Президент.

Айта кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы «Хабар 24» арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Армения астанасында Жоғары экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр. Іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Арменияның Премьер-министрі Николай Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT