ЕАЭО шартына түзетулер пакеті мемлекетішілік келісуге жіберіледі

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – 25 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа енгізілген өзгерістерді қамтитын «II үлкен хаттама» жобасын мақұлдады. Құжат мемлекетішілік келісуге жіберілмек. Бұл туралы ҚазАқпарат ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«II үлкен хаттама» жобасы 130-дан астам түзетуді қамтиды. Олар құқық қолдану практикасы барысында анықталған құқық реттеудегі олқылықтарды жоюға, Шартта қолданылатын терминологияның біркелкі етуге, комиссияға бірқатар өкілеттіктер беруге және Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының іс-шараларын іске асыруға бағытталған», – деді Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев.

«II үлкен хаттамаға» ЕАЭО шартының «Мүше мемлекеттер еңбекшілерінің еңбек қызметі» атты 97-бабына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, Одақтың басқа мемлекетінде педагогикалық және Заң қызметі саласында жұмыс істеуге үміткер еңбекшілер үшін қолданыстағы шектеулерді алып тастау ұсынылады.

Қазір олар жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтуі тиіс. Сондай-ақ ұсынылған өзгерістердің бірі – жұмыс істейтін адамдарға жұмыс істейтін мемлекеттің аумағынан шықпай-ақ кіру мақсатын өзгерту мүмкіндігі.

Бұдан бөлек, құжатта комиссияға стандарттау, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантин фитосанитариялық шаралар, бәсекелестік, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу бөлігінде өкілеттіктер беру ұсынылады.


Соңғы жаңалықтар