ЕАЭО серіктес елдердің тауарларын тексеру ережелерін жеңілдетеді
2022 жылғы 20 мамыр 08:46

ЕАЭО серіктес елдердің тауарларын тексеру ережелерін жеңілдетеді

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың еркін сауда туралы келісім жасасқан елдерінен әкелінетін тауарлардың шығарылуын құжаттамалық растау рәсімін жеңілдету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Комиссияның баспасөз қызметі хабарлағандай, ЕЭК Кеңесі күнтізбелік жыл ішінде ЕАЭО елдерінің аумағында сатылған темекі өнімдерінің құрамы және одан бөлінетін заттар туралы есептің үлгісін бекітті.

Бұдан басқа, ЕЭК Кеңесі медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістер енгізді, ЕАЭО фармакологиялық қадағалаудың жаңа редакциясын бекітіп, дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы техрегламентке түзету енгізу туралы шешім қабылдады, сондай-ақ декларация берілгенге дейінгі тауарлар санаттарының тізбесін кеңейтті.

Шешімдер жұма күні Мәскеудегі комиссияның штаб-пәтерінде өткен ЕЭК Кеңесінің кезекті отырысы барысында қабылданды. Келесі кездесу 10 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT