ЕАЭО: Ортақ газ нарығын құрудың екінші кезеңіне өту шешімі қабылданды
«Екінші кезең – бұл нарықты қалыптастырудың инфрақұрылымдық, технологиялық және құқықтық негізін құру. Бұл кезеңді іске асырудың негізгі нәтижелерінің бірі Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық келісім болмақ», - деді Ия Малкина.
Оның айтуынша, құжаттың негізгі бөлігі келесі аспектілерден тұратын болады:
- ортақ газ нарығының қызметі және оны реттеу принципі;
- үшінші елдерден және үшінші елдерге газды тасымалдау және жеткізу кезінде Одақ елдерінің өзара әрекеттесу тәртібі;
- газкөліктік жүйелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету принципі;
- Одақтың ортақ газ нарығында бағаны түзу және тарифтік саясатты қалыптастыру принципі және тағы басқалары.
«Келісімді әзірлеу 2021 жылы аяқталатынына үміттенеміз. Мемлекеттер басшылары бірінші кезең іс-шараларын таяу уақытта аяқтауды тапсырды. Атап айтқанда, бұл - Одақ елдері аумағында орналасқан газкөліктік жүйелерге қолжетімділіктің бірыңғай ережесі туралы құжатты пысықтауға қатысты. Комиссия бірінші кезең құжаттарының жобасын алдағы таяу уақытта жоба әзірлеушілерінен күтетін болады», - деді ол.