ЕАЭО-ның тамақ өнімдеріне қатысты стандарттар тізбесі жаңартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) коллегиясы Техникалық реттеу мәселелерін талқылады. ЕАЭО-ның тағам өнімдеріне мамандандырылған техникалық регламенттерінің стандарттар тізбесі жаңартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метеорология комитетіне сілтеме жасап.

«Мамандандырылған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің, оның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтанудың қауіпсіздігі туралы» одақтың техникалық регламентін іске асыру үшін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбесі жаңартылды», - делінген хабарламада. 

ЕЭК мәліметінше, Мемлекетаралық стандарттардан басқа, тізбеге бірқатар ұлттық стандарттар енгізілді. Олардың бір бөлігі зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде тауарлардың үлгілерін іріктеу қағидаларын айқындайды.

Тізбенің жаңа редакциясына мамандандырылған Тамақ өнімдеріндегі биотехнологиялық және пробиотикалық микроорганизмдер құрамының көрсеткіштерін, микробиологиялық қауіпсіздік параметрлерін және физика-химиялық көрсеткіштерді анықтауға 247 стандарт және аттестатталған зерттеу (сынау) әдістемесі енгізілген. Олардың ішінде 160 мемлекетаралық стандарт, Арменияның екі ұлттық стандарты, Беларусьтің 21 Мемлекеттік стандарты, Қазақстанның 14 ұлттық стандарты, Ресейдің 39 ұлттық стандарты бар. Тізбеге енгізілген стандарттар нан-тоқаш, ет, май, жеміс-көкөніс және т. б. өнімдердің кең спектріне қатысты.

Бекітілген стандарттардың едәуір бөлігі үздік халықаралық құжаттарға сәйкес келеді. Мәселен, олардың 31-і ИСО халықаралық стандарттарына ұқсас, жетеуі - осы стандарттарға қатысты модификацияланған. 13 мемлекетаралық стандарт ЕН өңірлік стандарттарына ұқсас, біреуі модификацияланған.

Соңғы жаңалықтар