+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

ЕАЭО-ның перспективті тенденциялары қандай

2019 жылғы 1 қазан 20:25
Бөлісіңіз:
ЕАЭО-ның перспективті тенденциялары қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақты ірі АСЕАН, ШЫҰ секілді халықаралық ұйымдармен байланыстыруда перспективті тенденциялар байқалады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ЕАЭО мемлекеттеріндегі еңбеккерлерді зейнетақымен қамту келісіміне қол қойылды Санкт-Петербургте шағын құрамда ЖЕЭК отырысы өтті ЕАЭО - 5 жыл: Мәскеу метросында мерейтойлық пойыз жолға шықты

«Бүгін біз Еуразиялық экономикалық одақтың келесі жылға арналған басты халықаралық бағыт-бағдарын бекітеміз. Одақ жаһандық деңгейде абыройлы бірлестікке айналды. Экономикалық одақты ірі АСЕАН, ШЫҰ секілді халықаралық ұйымдармен байланыстыруда перспективті тенденциялар байқалады. Қазіргі таңда Жоғары кеңестің отырысында Сингапур мемлекетімен еркін сауда жүргізу туралы келісімге қол қойылды. Сингапур – біздің одақпен келісімге келген Вьетнаммен бірге екінші мемлекет. Иран Ислам Республикасымен сауда-экономикалық, логистикалық ынтымақтастық орнатудың да маңызы зор. Ирандық әрістестерімізбен бірге біз осы жылдың 27 қазанында күшіне енетін еркін сауда жөніндегі Уақытша келісімнің әлеуетін толыққанды пайдалана аламыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Қазақстан Президенті бой көтеріп келе жатқан серіктестермен сауда-экономикалық байланыстарды нығайтудың маңызы зор екенін атап өтті.

«Сан емес, сапа маңызды рөлге ие. Біздің одақ алға жылжып келеді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеясы өзінің қажеттілігі мен тиімділігін дәлелдеді. Ұйым қызметін бастағалы бері экономикалық өзара қарым-қатынастың ауқымы кеңейіп, экономикалық одаққа мүше елдердің бәрінің экономикасына өз үлесін қосты. Қабылданған шешімдер интеграциялық бірлестікті ары қарай дамытуға, қол жеткізілген келісімді толыққанды орындауға бағытталған. Барлық келісімдер мен міндеттемелерді тиімді жүзеге асыру – комиссия мен Үкіметтердің негізгі міндеті», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы «Хабар 24» арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Еске салсақ, Армения астанасында Жоғары экономикалық кеңестің отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Арменияның Премьер-министрі Николай Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT