ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығы қашан құрылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ортақ қаржы нарығы туралы тұжырымдамасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЕАЭО коллегияның мүшесі, экономика және қаржы саясаты жөніндегі министр Тимур Жақсылықовтың айтуынша, 2025 жылға дейін ЕАЭО-ның бірыңғай қаржы нарығы құрылуы керек. Бұл - одаққа мүше мемлекет басшыларының тапсырмасы. «Осыған орай, бүгінде барлық елдердің ұлттық банктері, орталық банктері, үкіметтері мен комиссиялары ортақ қаржы нарығы туралы тұжырымдаманы әзірлеуге кірісті. Аталған салада бірқатар маңызды мәселелер бар. Оның барлығын тыңғылықты талқылауымыз қажет. Тұжырымдама дайын болғаннан кейін ортақ қаржы нарығына көшу бойынша бірлескен жоспар қабылданады. Сөйтіп, біртіндеп бірыңғай нарыққа көшетін боламыз», - деді Т. Жақсылықов журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, бүгін Астанада Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай қызмет көрсету нарығын дамыту мәселесі талқыланды. Осыған орай, арнайы жұмыс тобының алғашқы отырысы ұйымдастырылды. Оған Т.Жақсылықов төрағалық етті.  Оның айтуынша, алдағы уақытта ЕАЭО-да жаңа орган құрылады. Ал «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы Абылай Мырзаxметов Ресейдегі кедергілерге тоқталды. 

Фото: www.kmu-hilfe.at

Соңғы жаңалықтар