ЕАЭО-ның ортақ электр-энергетикалық нарығын құру тұжырымдамасы мамыр айында қабылданады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕАЭО-ңың ортақ электр-энергетикалық нарығын құру концепциясы мамыр айында қабылданады. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінде ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник хабарлады.

«Қазіргі кезде Қазақстаннан электр энергиясын экспорттау мүмкіндігі ұлғаюда. Әлеуетіміз өте жоғары. Қазіргі кезде 2000 МВт энергияны көршілес мемлекеттерге экспорттай алатын едік», - деді В.Школьник Мәжілістегі үкіметтік сағаттың барысында.

Ол сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы келісімнің аясында 2019 жылдан бастап ортақ электр-энергетикалық нарық қалыптастыру көзделіп отырғанын еске салды.

«Бұл мақсаттар үшін қазіргі кезде талқыланып отырған, мамыр айында қабылданатын жалпы электр-энергетикалық нарықты құру тұжырымдамасы жасалады. Ол электр-энергетикалық нарықтың барлық қатысушыларына электр энергиясын басымдықты қолдану және елдердің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету шартымен техникалық мүмкіндіктің шегінде электр энергиясын мемлекетаралық тасымалдауды іске асыру желілеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бірінші кезекте, өзіміз үшін, содан кейін өз электр энергиямызбен Беларусьпен және Ресеймен бәсекелестікке түсе аламыз. Осының барлығы экспортымызды ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар