ЕАЭО-ның өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесі құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесін құру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дерегінше, кеңестің құрылуы мен жұмысы мүше мемлекеттердің өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу қызметіне кіретін атқарушы билік органдарының өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оның ішінде қосылған құнның жаңа тізбектері негізінде бәсекеге қабілетті өнім өндірісін құру мәселелері бойынша; мүше мемлекеттердің үшінші елдердің нарықтарына жоғары технологиялық тұрғыда бірлесіп өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің экспортын дамыту бойынша бірлескен шараларды қолдану; өнеркәсіп саласындағы кедергілерді жою; өнеркәсіп кәсіпорындары үшін инвестициялар тарту және қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру; өнеркәсіп саясаты саласындағы интеграцияны дамытудың жаңа бағыттары мен перспективалары бойынша көзқарастарды әзірлеу қарастырылады.

«Мұнан басқа, Кеңес өз жұмысында Одақ аясындағы өнеркәсіптік саясатты іске асыру кезінде мүше мемлекеттердің өзара іс-әрекетін тереңдету; мүше мемлекеттердің өндірістік қуаттарын тиімді пайдалану және жаңа өнеркәсіп кәсіпорындарын технологиялық жарақтандыру; өнеркәсіп саласындағы жаһандық экономикалық дағдарыстардың салдарларына және күн тәртібінің басқа да өзекті мәселелеріне қарсы іс-әрекет мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеумен айналысатын болады», - деп атап өтеді министрліктен.

Сондай-ақ, Кеңес өз қызметінде Одақ құрылысы мен Жібек жолының экономикалық белдеуі үдерістерінің түйісу жобасы ауқымында өнеркәсіп саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Ғылым мен техника саласындағы өнеркәсіптік ынтымақтастық мәселелерін қарайды. Бірлескен өнеркәсіптік кәсіпорындар мен кооперациялық бірлестіктерді құру жөніндегі қызметті үйлестіретін болады. Даму институттарының қаражатын тарта отырып, іске асырылатын өнеркәсіп саласындағы интеграциялық жобаларды қарайтын болады.

Соңғы жаңалықтар