ЕАЭО-ның қолданыстағы заңнамасы түбегейлі өзгеруі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасы түбегейлі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Хабар24 хабарлады.

Барлық заңды құжаттарға сараптаманы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жасамақ. Осыған байланысты Алматыда алдын ала келіссөз өткізілді. Бұл ұйымның құрамында экономикасы дамыған 35 мемлекет бар. Бұған дейін осы ұйым Еуроодаққа мүше мемлекеттер арасындағы құқықтық қарым-қатынас құжаттарын қарастырған.

«Олардың сарапшылары біздің заңнаманың сараптамасын жасайды. Екіншіден, институционалды схеманы қарайды. Үшіншіден, біздің құқықты қолдануға өзінің тәжірибесін қарастырады. Болашақта біздің бизнестің дамуына, бизнес ахуалды жақсартуға, бәсекелестікті дамытуға әсер етеді деп сенеміз»,-деді Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі Серік Жұманғарин.


Соңғы жаңалықтар