ЕАЭО-ның қаржы нарығын реттеуші Қазақстанда орналасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығы ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын реттеушіге прототип бола алады. Бұл туралы бүгін Astana Finance Days сессиясында  Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елдері ортақ прогрессивті қаржылық құзірет құруға мүдделілік танытып отыр. Орталықтың («Астана» қаржы орталығы) құрылуы тәуелсіз қорларды басқару әдістерін жақсартуға мүмкіндік беріп, білім мен технология трансфертін жеңілдету арқылы адами капитал дамуының артуын қамтамасыз етеді деп санаймын. Соңғысы тек Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге ЕАЭО-ның да табыстылығы мен дамуының негізі болады», - деді ол.

Оның пайымынша, бұл Астананы тек қаржы емес, сонымен қатар ғылыми-білім беру, кәсіби, өндірістік, өңірлік және қызмет салалары айрықша дамыған халықаралық орталыққа айналдыру үшін маңызды бола түседі.

«Таяу бірнеше жылдың ішінде бұл жоба қарқын алып, қуатты драйверге айналарына сенімдімін. Тіпті ол («Астана» қаржы орталығы) орталық қаржылық нарықтың кейбір элементтерін реттеу үшін прототип те бола алады. Біздің одақтық шартқа сәйкес 2025 жылға қарай ортақ қаржылық нарықты іске қосуға тиіспіз және алдын ала келісімге орай реттеуші Қазақстанда орналасады. Сондықтан АХҚО басымдығы ЕАЭО-мен байланысты. Кері де дәл солай», - деді Тигран Саркисян.

Соңғы жаңалықтар