ЕАЭО-ның даму стратегиясының сапалы әрі жедел орындалуы маңызды - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақтың даму стратегиясының сапалы әрі жедел жүзеге асырылуын қамтамасыз ету маңызды. Бұл туралы Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуразиялық экономикалық одақ органдарына Қазақстанның төрағалық етуіне байланысты менің Жолдауымда біздің интеграцияны дамытудың 5 басымдығы айқындалған. Олар экономикалық интеграцияны дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттерімен тығыз байланысты және бүгінгі талапқа жауап береді. Біз одағымыздың тарихындағы ең бірінші стратегиялық құжатты жүзеге асыруды бастадық»,- деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы аталған стратегия қысқа мерзімді келешекте экономиканың барлық салаларындағы және халықаралық ынтымақтастықтағы интеграция мен өзара іс-қимылдың басымдықтарын айқындап бергенін баса айтты.

«Сондықтан одақты дамыту стратегиясын сапалы әрі жедел жүзеге асырылуын қамтамасыз ету маңызды. Бұл, әрине, біздің өзімізге байланысты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар