ЕАЭО Нұрсұлтан Назарбаевтың жанқиярлық еңбегінің жемісі - Әмірхан Рахымжанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ Нұрсұлтан Назарбаевтың жанқиярлық еңбегінің жемісі. Бұл туралы бүгін «Идеядан - шынайы болмысқа: Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық бастамасына 25 жыл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі әлемдік деңгейде маңызы бар шараның 2000 жылы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты, ал 2014 жылы Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шарттар қол қойылған Қазақсанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтуі қуантарлық жайт. Ширек ғасыр бұрын, 1994 жылдың 29 наурызында М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің мінберінен Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев реейлік ғылыми қоғамдастық алдында алғаш рет еуразиялық интеграция идеясын айтты. Ол Еуразиялық одаққа бірігудің маңызды қажеттілігін мәлімдеп, достастықтың зияткерлік элитасын жан-жақты интеграцияға жаңа серпін беруге шақырды», - деп атап өтті ол.

Оның атап өтуінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың мұндай идеясы осыдан кейін-ақ іскерлік ортада және қоғамдық-гуманитарлық деңгейде талқылана бастады. Еуразиялық интеграцияны қамтитын көптеген бірлескен алаңдар пайда болып, табысты жұмыс істей бастады. Олардың қатарында Еуразия даму банкі, Еуразия іскерлік кеңесі, Еуразиялық медиа форум, Еуразиялық университеттер қауымдастығы сынды бірлестіктер бар.

«Біз барлық уақытта да Еуразиялық экономикалық одаққа жолдың оңай болмағандығын және оның Нұрсұлтан Назарбаевтың жанқиярлық еңбегінің арқасында еңсерілгендігін есте ұстауға тиіспіз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті барлық уақытта да ашық диалогты жақтаушы болды, бітімгершілік саясатты жүргізді. Жауласушы тараптарды татуластыруға ұмтылды және бұл мәселеде өзінің көрегендігінің арқасында табысқа жетіп отырды», - деді Ә.Рахымжанов.

null

Соңғы жаңалықтар