ЕАЭО нарығында қазақстандық кәсіпкерлер қандай кедергілермен бетпе-бет келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақ аясында қазақстандық кәсіпкерлер қандай кедергілермен бетпе-бет келеді? Бұл мәселеге қатысты ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлбетте, Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ нарығының әлеуетін толық ашуға кедергі келтіретін бірнеше фактор бар. Ең біріншіден, бұл бұған дейін көп айтылып жатқан – өзара саудадағы кедергілер. Әйтсе де өзара сауда саласындағы кедергілер бізге ірі нарықтарға шығуды көздейтін отандық бизнесті тірілтуде кемшіліктерді айқындап береді. Әлбетте экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бәрі ең алдымен Ресей нарығына шығуды жоспарлайды. Сол себепті біз сол елдегі құқықтық кедергілерді анықтауға тырысамыз. Бұл мәселелер біздің халықаралық алаңда талқыланады. Сонда біз осы кедергілерді жоюдың шешімін табамыз», - дейді Жанель Күшікова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша дәлелденген 62 кедергінің 51-і жойылған. Оның ішінде 25-і Ресей Федерациясына тиесілі.

«Тағы бір кедергі – жекелеген елдердің ЕАЭО аясында қабылданған міндеттемелердің орындалмауы. Әлбетте бұл сұрақтар да кеңінен талқыланып, ортақ шешім табылады. Мәселен мемлекеттік сатып алулар нарығына кіру құқығы. Біз бұған дейін жекелеген серіктес елдердің мемлекеттік сатып алуларына қол жетімділік шектеулі екенін бұған дейін айтқан болатынбыз. Кейбір мемлекетте электронды форматтың жолға қойылмауы да кедергі келтіріп отыр. Сонымен қатар кейбір мемлекеттер жоғары талап қойып, субъективті себептерді де туындатып жатады. Тиісінше біздің тауарлар бәсекеге сай болмай, бұл тендерлерге қатыса алмай жатады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар