ЕАЭО-мен ынтымақтастық ЕО-ның дамуына ықпал етеді - Мажарстан министрі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыс және сыртқы істер министрі Петер Сийярто Еуразиялық экономикалық одақпен ынтымақтастық Еуропалық одақ үшін экономикалық мүмкіндіктер ашатындығын мәлім етті.

«Мажарстанның пайымынша, Еуроодақтың табыстылығына Еуразиялық экономикалық одақпен ынтымақтастық ықпал етеді. Осы орайда ЕО мен ЕАЭО арасындағы осындай ынтымақтастық аясында қазақстандық-мажарлық қатынастар үлкен рөл атқара алатынына сенімдімін. Бұл бағытта бірлесе жұмыс істейміз», - деді П. Сийярто ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысовпен болған келіссөздерден кейін.

«Қазақстан Республикасы біздің Орталық Азиядағы стратегиялық әріптесіміз. Мажарстан алдағы уақытта да Қазақстанмен ынтымақтастықты қарқынды түрде дамытуға мүдделі», - деп түйді ол.

Соңғы жаңалықтар