ЕАЭО мен Мысыр еркін сауда туралы келісім бойынша толық форматты келіссөздерді бастайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссияда ЕЭК сауда жөніндегі алқа мүшесі Вероника Никишина Египет Араб Республикасының сауда және өнеркәсіп министрі Тарек Кабилмен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еркін сауда аймағы (ЕСТ) туралы келісім жасау туралы келіссөздерге дайындық жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ 2017 жылдың 21 желтоқсанында болған Еуразиялық экономикалық одақ пен Египет делегациялары техникалық консультацияларының нәтижелері талқыланды.

Тарек Кабиль Одақпен алдағы келіссөздердің Египет үшін маңызды екендігін атап өтіп, келісімге жуық арады қол қойылатындығына сенім білдірді.

Вероника Никишина өз тарапынан ЕАЭО сауда серіктестері арасындағы Египеттің маңызды орнын атап өтті.

Министрлер биыл күзде келісімдер бойынша келіссөздердің кең форматты кезеңін өткізуге уағдаласты. 

Соңғы жаңалықтар