+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

ЕАЭО келісімін жасасудың ықтимал мерзімдері аталды - Сингапур

2016 жылғы 25 қараша 10:58
Бөлісіңіз:
ЕАЭО келісімін жасасудың ықтимал мерзімдері аталды - Сингапур

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ пен Сингапур арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімді 2017 жылы жасап, 2018 жылдың бірінші жартысында ратификациялау жоспарлануда, деп хабарлады Ресей-Сингапур үкіметаралық комиссиясының отырысында РФ бірінші вице-премьері Игорь Шувалов. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Бізге Сингапурмен еркін сауда туралы келісім жасасу бойынша ынтымақтастық аса маңызды, өйткені Сингапур АСЕАН қатысушысы болып табылады. Халықаралық саудамен айналысатын мамандар Сингапурды тек Еуразиялық экономикалық одақпен келісімге негізделген сауда-экономикалық қатынасы болатын бөлік ретінде ғана емес, қатынасты одан да кеңейте түсуді қарастыруда. Бұл АСЕАН арқылы жүзеге аспақ», - деді Шувалов.

Оның айтуынша, осы жылғы мамырда Сочиде өткен Ресей-АСЕАН кездесуінде АСЕАН-ға кіретін басқа да елдер Ресей Федерациясына еркін сауда туралы келісім жасасуды ұсынды. «... бізде Ресей президентінен Сингапурмен айқын нұсқаулық бар. Яғни, 2017 жылдың аяғына дейін келісім жасасып, 2018 жылдың бірінші жартысында ратификациялау рәсімдерін жүргізу үшін осы уақытты пайдалануға барлық мүмкіндік бар екенін растаймын», - деп қосты Шувалов.

«Бұл өте уақытша кесте. Бірақ болуы ықтимал. Біз бұл жұмысты аяқтауға күш саламыз», - деді РФ бірінші вице-премьері.
ЕАЭО-ға Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Армения кіреді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT