ЕАЭО интеграциясы: Қазақстанның ЕЭК-ға қатысу құқығын арттыру қадамдары жасалуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова Қазақстанның Еуразиялық экономикалық комиссияға қатысу құқығын арттыру үшін тиісті хаттама әзірленгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«БАҚ тарапынан Қазақстанның Еуразиялық экономикалық комиссияға қатысу құқығы бойынша үлесі қандай деген сұрақ бізге жиі қойылады. Қазақстанның комиссияға қатысу құқығын күшейту үшін Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қосымша ретінде тиісті хаттама әзірленді. Оған қазіргі уақытта экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары қол қойғалы жатыр. Ол хаттамаға комиссия қызметкерлерін бекітуде міндетті квалификациялық іріктеу енгізу, ол үшін аттесттау өткізу, шұғыл келісімшарттар бойынша нормаларды енгіздік. Біз осы комиссияға жұмыс істеуге баратын қызметкерлерді квалификациялық іріктеуден өткіземіз», - деді Жанель Күшікова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек бұған дейін Жанель Күшікова Еуразиялық экономикалық одақ аясында қазақстандық кәсіпкерлер қандай кедергілермен бетпе-бет келетінін айтып берген болатын.



Соңғы жаңалықтар