ЕАЭО-ға жаңа қатысушылардың қосылуы техрегламенттердің өзгеруін талап етпейді - Назаренко

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық экономикалық одаққа (ЕАЭО) жаңа қатысушылардың қосылуы техникалық регламенттердің өзгеруін талап етпейді. Бұл туралы БЕЛТА Беларусьтің Стандарттау бойынша мемлекеттік комитетінің төрағасы Виктор Назаренкоға сілтеме жасап хабарлады.

"2015 жылы 2 қаңтарда Арменияның ЕАЭО-қа қосылуы туралы келісім күшіне енді. Бұл уақыттан Армения Еуропалық экономикалық одақтың төртінші мүшесі атанды, - деп еске салды Виктор Назаренко. - Қазіргі уақытта Армения ЕАЭО келісім-құқықтық базасымен техникалық реттеу саласында ұлттық заңнаманы үйлестіруді жүзеге асырып, біртіндеп өз аумағында Кедендік одақтың техникалық регламенттерін енгізіп жатыр".

Қосылу туралы келісімге сәйкес Кедендік одақтың техникалық регламенттері Арменияда ол күшіне енгеннен кейін 12 ай өткен соң, яғни 2016 жылдың 2 қаңтарынан күшіне енеді. Жеке техникалық регламенттер Армения аумағында елдің одаққа қосылу туралы келісім күшіне енгеннен 24, 48 немесе 60 айдан кейін жүзеге асырылады, деді Мемстандарт төрағасы.

Соңғы жаңалықтар