ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің энергия жүйелерінің тиімді жұмысы қамтамасыз етіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы негізгі шартқа 2014 жылғы 29 мамырда Беларусь, Қазақстан және Ресей арасында қол қойылды. Қырғызстан 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шарт аясында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылды, оны мүше барлық мемлекеттер ратификациялады және 2015 жылғы 12 тамызда Қырғызстан ЕАЭО-ның толық құқылы мүшесі болды.

«Бұл ретте, Қырғызстан мүше мемлекеттердің аумағы арқылы электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асыруға ниет білдірген жағдайда, Шартқа №21 қосымшаның баға белгілеу және тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттамаға қосымша болып саналатын мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асыру әдістемесі бүгінгі күні Қырғыз Республикасына қолданылмайды. Осы өзара қатынастарды реттеу тұрғысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты елдері арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру әдіснамасын айқындау мақсаты болып саналатын хаттама дайындады», - деді ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

Хаттама жобасы 2017 жылғы 13 қаңтарда Еуразиялық экономикалық одақ Кеңесінің өкімімен мақұлданды.

Оның айтуынша, Хаттаманы ратификациялау Қырғыз Республикасының қосылуын ескере отырып, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің энергия жүйелерінің тиімді жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

«Халықаралық шарттың реттеу нысанасы баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттамаға Қырғыз Республикасының қосылуын ескере отырып, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асыру болып саналады. Бүгінгі күні хаттаманы Қазақстаннан басқа барлық мүше мемлекеттер ратификациялады. Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және өзге де салдарға әкеп соқтырмайды, мемлекеттік бюджеттен қосымша шығыстарды талап етпейді», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар