+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бірыңғай нарықтың ең жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге келісті

2020 жылғы 15 ақпан 13:44
Бөлісіңіз:
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бірыңғай нарықтың ең жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге келісті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кеше, 14 ақпанда Мәскеуде 2025 жылға дейінгі Еуразиялық экономикалық интеграцияның стратегиялық бағыттарын айқындайтын құжат жобасын талқылау бойынша консультациялар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Еуразиялық үкіметаралық кеңес: Алматыдағы келіссөздер қалай өтті Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы басталды Тоқаев: Тек мемлекеттің мүддесіне сай келетін құжаттарға қол қою керек

Отырысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жаңа төрағасы М. Мясникович өткізді.

Қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә.Смайылов басқарды.

Талқылау нәтижесінде ЕАЭО мүше-мемлекеттер ЕАЭО бірыңғай нарығының тиімділігін арттыру, одақтың цифрлық кеңістігін құру, мемлекеттік сатып алу мен оларға қолжетімділік процесін цифрландыруды қамтамасыз ету, ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыру, ЕАЭО-ның институционалдық базасын жетілдіру және т. б. мәселелер бойынша бір байламға келді.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар ЕЭК Кеңесінің келесі отырысында Стратегиялық бағыттар жобасын талқылауды жалғастыруға келісті.

Қарастырылып отырған стратегиялық бағыттар Қазақстанның мүддесін толық қамтамасыз етеді, яғни экономикалық интеграциялық процестерді тереңдетуден болатын экономикалық пайданы мейілінше арттыруға бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы 2018 жылғы желтоқсанда қабылданған Декларацияны іске асыру үшін Стратегиялық бағыттардың жобасы әзірленуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT