ЕАЭО елдерінің сауда-саттығын нығайтуға арналған құжат мақұлданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келісім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Қытай арасындағы өзара сауданы жақсартуға жағдай жасайды. Келісім өзара саудада кедендік баждарды жоюды және төмендетуді көздемейді. Келісімнің ережелері өзара саудада қолданылатын техникалық реттеу рәсімдерін, санитариялық және фитосанитариялық шараларды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ келісім кедендік ынтымақтастық, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелерін қамтиды. Ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану және берілетін субсидиялар туралы ақпарат алмасу көзделген», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов заң жобасын таныстыру барысында.

Келісімде электрондық сауда саласында тұтынушылардың құқықтарын және олардың дербес деректерін қорғау көзделеді. Тараптар өзара сауданы шектеуі мүмкін шаралар туралы хабарламалармен алдын ала алмасуға уағдаласты. Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға қарқын беру мақсатында салалық ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттары көзделген. Бұл ретте ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, өнеркәсіптік кооперация, технологиялар мен инновациялар, қаржы және қоршаған орта салалары ескерілген. Осы бағыттарда ынтымақтастықты тереңдету елдердің инновациялық белсенділігін, инвестициялық тартымдылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Келісім бойынша тараптар ұлттық заңнамаға сәйкес жоспарланып отырған сауданы реттеу шаралары туралы ақпаратты жариялайды. Бұл сұраулар жіберуге және консультациялар жүргізуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар