+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

ЕАЭО елдерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім күшіне енді

2021 жылғы 25 қаңтар 10:35
Бөлісіңіз:
ЕАЭО елдерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім күшіне енді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ЕАЭО елдерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды Қазақстанда ең жоғары зейнетақы 500 мың теңгеден асады Қазақстанда ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны көтеру жоспарланған

Еуразиялық экономикалық комиссияның 2019 жылы 20 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерімен бірлесіп әзірлеген одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімі 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

«Келісімге сәйкес еңбекшілер ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында еңбек немесе өзге де қызметті жүзеге асыру арқылы зейнетақы құқықтары қалыптастырылатын не қалыптастырылған Қазақстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Армения және Беларусь елдерінің азаматтары есептеледі.

Келісім Одақтың бір елінен екінші еліне зейнетақыны экспорттау тәртібі мен тетігін айқындап, зейнетақы алу құқығын анықтау үшін ЕАЭО мемлекеттеріндегі жұмыс өтілін жинақтауды көздейді», делінген хабарламада.

Құжат бойынша жұмысшыны медициналық куәландыру, оның ішінде мүгедектігі бойынша зейнетақы тағайындау барысында сырттай медициналық куәландыру мәселесі реттелді.

«ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің еңбек етушіге зейнетақының жұмыс кезеңінде және жұмысқа орналасқан елдегі зейнетақы жарналарының аударымдарына барабар бөлігін төлейтінін ескере отырып, 1 қаңтардан бастап еңбекшілер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын ресми ресімдеуі, яғни міндетті түрде еңбек немесе азаматтық-құқықтық шартын уақытылы жасауы қажет.

Келісімге сәйкес жинақтаушы зейнетақыны, сондай-ақ, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша еңбек (сақтандыру) зейнетақыларын қоспағанда, зейнетақы алу құқығы еңбеккердің мүше мемлекеттің аумағында жинаған кемінде толық 12 ай жұмыс өтілі болған кезде (Келісім күшіне енгеннен кейін), сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес туындайтынын атап өткен жөн», делінген хабарламада.

Қазақстанда келісімді іске асыру жөніндегі құзыретті орган БЖЗҚ болып белгіленген. Соған сәйкес қорға еңбекшілер қажетті кеңес алу үшін, ал кейіннен жұмыс істеген кезеңдеріне қатысты зейнетақы алу құқығына ие болған мүше мемлекеттердің құзыретті органдарына жіберетін құжаттарымен жүгіне алады. Қазақстанда келісім еңбекшілердің БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі құқықтық қатынастарына қолданылады.

«ЕАЭО елдерінің еңбекшілері БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын қалыптастырған жағдайда, еңбекшілердің оларды алу құқығы Қазақстан заңнамасына сәйкес орындалады:

- зейнеткерлік жасқа жеткен кезде;

- егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, 1 және 2-топтағы мүгедектік белгіленген кезде,

- ал БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар ЕАЭО елінің азаматы - еңбек етуші қайтыс болған жағдайда, оны біржолғы алу құқығы БЖЗҚ-ға Қазақстанның заңнамасында айқындалған құқық белгілейтін құжаттар ұсынған кезде оның мұрагерлеріне көшеді», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, ЕАЭО-ның біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы өзара цифрлық іс-қимылға көшкенге дейін тараптар қағаз құжат айналымын пайдаланады.

Келісімнің толық мәтінімен Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында танысуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT