ЕАЭО елдерінде тіркелген 424 көлік айып тұрағына қойылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тіркелген 424 көлік айып тұрағына қойылды. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың қаңтарында Алматы қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы барысында армян тарапымен келіссөздер өткізіліп, нәтижесінде Армения аумағынан Қазақстан аумағына автокөлік құралдарының өтуі мәселесін реттеу, оның ішінде тиісінше ақпарат алмас бойынша екіжақты консультацияға қатысты бірлескен хаттамаға қол қойылды. Армян тарапымен уағдаластыққа сәйкес, еліміздің Ішкі істер министрлігі Арменияда уақытша тұратын тұлға ретінде тіркеліп, 22 441 автомобиль сатып алған Қазақстан азаматтары жайлы ақпарат алды. Қазіргі уақытта Арменияның құзіретті органдарды «жеңілдігі бар» автомобильдерді тек өз елдерінің шегінде ғана пайдалануды қамтамасыз ету және олардың Еуразиялық экономикалық одақтың өзге елдеріне тасымалдануына жол бермеу мақсатында шетелдік азаматтардың атына автокөліктерді тіркеуге бақылау шараларын күшейтті», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, Қазақстан тарапы Ресеймен шекаралас облыстарда шетелдік нөмірі бар көліктерді елімізде жүргізу тәртбін түсіндіру үшін 13 полиция бекетін құрды. Сонымен қатар осы жылыдң қаңтарында Әділет министрлігі аумақтық әділет органдарына нотариалдық палаталармен бірлесіп, Армения мен Қырғызстаннан әкелінген автокөліктерге сенімхат беру заңдылығын тексеру жөнінде комиссия құру тапсырылды.

«Түсіндіру жұмыстарын қоса алғанда қабылданған шаралар ЕАЭО туралы шарт талаптарын бұза отырып елге автокөлік әкелу ағынын тоқтатуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта ІІМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірге халық арасында шетелдік автомобильдерді тіркеу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы мақсатта барлық Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталықтарында Осы жылдың қаңтар айының соңынан беру полиция қызметкерлері мен мемлекеттік кірістер органдарының мамандары отырғызылды. Олар азаматтарға кеңес беріп, тіркеу үшін құжаттар қабылдайды. 1 наурызға дейін АХҚКО-лардан шамамен 5,5 мың азамат кеңес алды», - деді Асқар Мамин.

Премьер-Министрдің айтуынша, ақпанның 8-16 күндері аралығында ішкі істер органдары сот орындаушыларымен бірге Жол жүрісі ережесін бұзғаны үшін төленбеген айыппұлдарды мемлекет кірісіне өндіріп алуға бағытталған «Борышкер» жедел алдын алу шарасы жүргізілген. Нәтижесінде 1 160 көлік иесінен мемлекет кірісіне 337 млн теңге өндіріліп алынды және Жол жүрісі ережесін бұзғандар ұсталып, көліктері айып тұрағына қойылды. Айып тұрағына қойылған 424 көлік ЕАЭО елдерінде тіркелген.

«Жүргізушілерге 251 млн теңге айыппұл төлеу туралы 28 447 ұйғарым, оның ішінде ЕАЭО елдерінде тіркелген көліктердің иелеріне 62,8 млн теңгенің 4 114 ұйғарым берілді. «Бір реттік» акция мен түсіндіру жұмыстарының жүргізілгендігіне қарамастан «уақытша тіркеуден» 114, оның ішінде армян нөмірлі 18 көлік қана өтті «, - Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар