ЕАЭО елдері үшін бірыңғай сатып алу жүйесі 2016 жылы жұмыс істей бастайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін бірыңғай сатып алулардың жүйеленген жүйесі 2016 жылы шектеулі режімде жұмыс істей бастайды. Бұл туралы бүгін Мәскеуде ЕАЭО елдерінің монополияға қарсы органдары басшыларының кеңестің соңында тілшілерге Ресейдің Монополияға қарсы федералдық қызметінің басшысы Игорь Артемьев мәлім етті.

«Келесі жылы бұл шектеулі үлгіде жұмыс істей бастайды - яғни сен келіп, Мәскеуге тіркелген соң, бірден Астанада да, Арменияда да, барлық жерде де тіркелген болып шықпайсың. Ол әлі болмайды, бірақ қатысып, жұмыс істеу міндетті», - деді Игорь Артемьев.

Ол қазіргі кезде басты міндет - басқа елдің саудасына қатысуға ниетті кәсіпкерлер үшін қалған кедергілерді жою екенін атап өтті.

«Мұнда басты мәселе осы кезеңде - электрондық қолдардың үйлесімділігі, және бұл мәселе Беларусь пен Ресей арасында толық шешілген, қазіргі кезде Ресей және Қазақстан арасындағы жұмыс аяқталып, Қырғызстан мен Армения бойынша жұмыстар жалғасып жатыр», - деп атап өтті Игорь Артемьев. Оның айтуынша, келесі кезең - бірыңғай алаңдар, порталдарды құру болмақ.

Соңғы жаңалықтар