ЕАЭО елдері ортақ энергия нарығына байланысты жағдайды талқылауда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық комиссиясы алаңында газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын құру үшін қабылдануы қажет екі халықаралық шарт бойынша тұжырымдамалық мәселелерді талқылау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шараға ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Темірбек Асанбеков пен ЕАЭО қатысушы елдердің бейінді ведомстволары министрлерінің орынбасарлары қатысты.

Еске сала кетейік, бұған дейін еуразиялық «бестік» елдерінің мемлекет басшылары деңгейінде ЕАЭО-ның мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы бекітілген болатын. Осындай құжаттар пакеті ортақ газ нарығы бойынша қабылданды. Келесі маңызды кезең ЕАЭО-ның газ, сондай-ақ мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі халықаралық шарттарды қабылдау болады. Бұл ортақ нарықтарды іске қосуға арналған ортақ құқықтық жүйені құру үшін қажет.

Ортақ нарықтарды қалыптастыру және ұлттық заңнамаларды үйлестіру жөніндегі жұмыс ЕАЭО туралы шартта көзделген базалық қағидаттарды ескере отырып жүргізіледі. Негізгілерінің бірі – Мұнай мен мұнай өнімдеріне нарықтық баға белгілеуді қамтамасыз ету, оның ашықтығын арттыру. Ортақ нарықтар 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеуі керек.

Кездесу 14 қыркүйекте өтетін ЕЭК Кеңесінің отырысына дайындық шеңберінде өтті.


Соңғы жаңалықтар