ЕАЭО елдері мен Өзбекстаннан келгендер 12 күнге карантинге жатқызылады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат –Қала және аудан әкімдері мен жауапты басқармаларға осы бағытта мониторинг жүргізу міндеттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың бас санитарының қаулысына сәйкес, карантин режимін және шектеу шараларын сақтамаған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келген адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеруге және 12 тәулік бойы үй карантиніне жатқызылады. Ал, вахталық әдіспен жұмыс істейтін «Теңізшевройл» ЖШС келген азаматтар да карантиндік стационарда 2 тәулікке дейін оқшаулауға жатады. Аймақта жұмысын қайта бастаған нысандардың қаулыда көрсетілген талаптарды қатаң түрде сақтауы бақылауға алынады» делінген қаулыда.Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар