ЕАЭО елдері кеден органдарының іс-қимылын үйлестіруге негізделген құжат қабылданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламен Сенатының жалпы отырысында «2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеден қызметтерінің біріккен алқасының құрылуының негізгі мақсаты - кеден қызметтерінің өзара іс-қимылдарын үйлестіру, өз құзыреті шегінде кеден заңнамасының біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету, кеден ісі мәселелері бойынша бірыңғай құқықтық базаны қалыптастыруға қатысу.

«Өздеріңізге белгілі, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт күшіне енді. 2017 жылы ЕАЭО-ның жаңа Кеден кодексі қабылданған болатын. Аталған өзгерістер Кеден қызметтерінің біріккен алқасы шартына түзетулер енгізуге негіз болды.

Хаттамаға 2019 жылғы 9 тамызда Үкімет басшылары Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) қол қойды», - деді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Біріншіден, бүгінгі қаралып отырған шарттың терминологиясы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт пен Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарттың ережелеріне сәйкес келтірілді:

- «Кеден одағы» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одақ»;

- «Кеден қызметтері» деген сөздер «кеден органдары» деп, «Тараптар мемлекеттері» деген сөздер «мүше мемлекеттер» деп ауыстырылды.

«Екіншіден, мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары анықталды. Қазақстанда ол – Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті», - деп нақтылады министр.

Үшіншіден, Еуразиялық экономикалық комиссияның құзіретіне берілуіне байланысты кейбір функциялар біріккен коллегияның құзіретінен алынып тасталды. Атап айтқанда: «кеден заңнамасы нормаларының орындалуына мониторинг жүргізу», «бірыңғай кедендік аумақтың жұмыс істеуі үшін ұйымдастыру шарттарына қатысу», «Тауар номенклатурасының біркелкі қолдануына мониторинг жүргізу».

Төртіншіден, кедендік әкелу баждарын есепке алу және бөлу жөніндегі келісілген қағидалардың қолданылуын қамтамасыз ету бөлігінде Біріккен алқаның құқықтары оңтайландырылды.


Соңғы жаңалықтар