ЕАЭО елдері арасында кооперация дамып келеді – сарапшы пікірі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика жөніндегі мүшесі (министрі) Сергей Глазьев Қазақстан Президентінің Жолдауынан кейін елдегі кооперациялық өндіріс дамып, өсім көрсете бастағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық тауар айналымының жартысынан көбі кооперациялық жеткізілімге тиесілі болып отыр. Яғни, ұзақ технологиялық тізбек қалыптастыратын, соңғы өнім шығару үшін біріге жұмыс істейтін бірлескен кооперация осылайша өзінің бәсекелестік бастымдығын көрсетіп отыр. Биыл Қазақстан (Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңеске) төрағалық етеді. Егер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын оқысаңыздар, біздің қызметіміздің басымдығы ретінде кооперациялық өндірісті дамыта түсу айқындалған», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, ресейлік Еуразиялық интеграцияның екінші кезеңі 2025 жылға дейінгі Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың стратегиялық бағытын қабылдаумен басталады.

«Бізде бірқатар жаңа қызмет пен міндет пайда болады. Және де бізге экономикалық өсімді қоглдау тетіктерін құру міндеті тұр. Толықтай алғанда, бұл құжат бір бағытқа топтастырылған 330 шараны қамтиды. Олардың барлығы да қалай десек те экономикалық дамуға жәрдемдесуге бағытталған», - деді Серге Глазьев.

Соңғы жаңалықтар