ЕАЭО елдері АӨК бойынша ынтымақтастықты дамытпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЕАЭО-на мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіп кешеніндегі импорт алмастыру перспективалары» атты дөңгелек үстел отырысында агроөнеркәсіпті дамыту мен ынталандыру мәселелері сөз болды, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық кеңестің баспасөз қызметі.

ЕЭК-тің Агроөнеркәсіп саясаты департаментінің директоры Станислав Бубен Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін импорт алмастыру саясатын жүзеге асыру мен ішкі нарықты жеке, сапалы және қолжетімді өнімдермен қамтамасыз етудің өте өзекті екендігіне сенім білдірді.

«Бүгінде ЕАЭО елдерінің тауар айналымының 61 пайызын импорт құрайды. Әдетте бұл тауарлар одақ аумағында өндіруге болатын тауарлар. Қаржылай алғанда өнімдерді сатып алуға 26,5 млрд АҚШ доллары шығындалады. Салыстырмалы алғанда, одаққа мүше елдердің жылдық мемлекеттік қолдау көлемі үш есе аз»,-деп атап өтті Станислав Бубен.

Мысалы, жидек түрлері бойынша алғанда, ЕАЭО 2016 жылы құны 426 млн АҚШ доллары болатын өнімдерді импорттады. ЕАЭО елдеріне 1,9 млрд доллар көлемінде ет өнімдерінің түрлері жеткізілді.

Дөңгелек үстел отырысына қатысушылар жағдайды өзгертумен байланысты мәселелерді талқылады. Агроөнеркәсіп кешені бойынша импорт алмасу бірінші кезекте ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандырушы тәсіл ретінда қарастырылды.

ЕАЭО-та азық-түлікті өндіруді дамыту саласындағы ықпалдастықты тереңдетуге бағытталған кооперациялық жобаларды жүзеге асыру мен қалыптастыру бағытындағы ұсыныстар қаралды. Олардың қатарында мысалы кешенді тағам қоспалары мен ақуыз өнімдерін, жануарлар мен өсімдіктердің протейндерін шығаратын бірлескен өндірістерді ашу сияқты жобалар бар.

Соңғы жаңалықтар