Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

ЕАЭО-да тұтыну бағасының өсімі төрт айдың ішінде 9,2%-ды құрады – ЕЭК

2022 жылғы 20 сәуір 18:22

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде 2022 жылғы наурызда тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағалары 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 9 пайызға дерлік өсті. Бұл туралы бүгін өткен брифингіде Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми өкілі Ия Малкина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

«ЕАЭО-да тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық бағалары 2022 жылғы наурызда ақпанмен салыстырғанда 6,9 пайызға және өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 9,2 пайызға өсті», - деді И.Малькина.

Оның айтуынша, бағаның айтарлықтай өсуі азық-түліктік емес тауарларда – 11,5%-ға дерлік, ал азық-түлік тауарларында – 9,5%-ға байқалды. Осы кезеңде ақылы қызмет көрсету бағасы 5,6%-ға өскен.

2022 жылғы наурызда 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ЕАЭО-ға қарағанда бағаның өсуі Ресейде - азық-түлік және азық-түліктік емес тауарларда, тиісінше 10 және 12,9% -ға, сондай-ақ Беларусьте - ақылы қызметтерде 8,9% -ға тіркелді.

Осы кезеңде Қазақстанда азық-түлік тауарлары бағасының өсімі 8,2%-ды құрады. Азық-түліктік емес тауарлар бағасы– 3,6%-ға, ақылы қызметтер бағасы – 2,6%-ға артқан.


Автор:

Аяулым Алтынбек

Новости по теме