ЕАЭО-да тағы бір орган құрылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аталған құрылым комиссия қабылдаған шешімдердің тиімділігін бағалаумен айналысады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЕАЭО коллегиясының мүшесі, экономика және қаржы саясаты жөніндегі министр Тимур Жақсылықовтың айтуынша, аталған мәселе бірнеше жыл бойы талқыланған болатын.

«Қазіргі кезде үкіметаралық кеңесті құру туралы шешімнің жобасы әзірленді. Еуразиялық экономикалық одақтың коллегиясы да, кеңесі де аталған шешімді мақұлдады. Егер үкімет басшылары қолдау білдірсе, онда ағымдағы жылы 1 қазанға дейін ол шешімді іске асыру жоспары дайындалады. Комиссияның барлық шешімдері бизнес ортаға қалай әсер етіп жатыр? Осы жұмыстың тиімділігі қандай? Бұның барлығы зерделеніп, нақты баға беріледі», - деді Т.Жақсылықов Астанада өткен кездесуде.

Осы орайда Т.Жақсылықов «Атамекен» палатасынан комиссияның нақты қай шешімдеріне бағалау жүргізу керектігін сұрап, ұсыныстар мен ескертулерді жолдауды өтінді. Себебі кейбір нормативтік актілердің бизнесті жүргізуге кері әсер етіп отырғаны анықталып отыр.

Айта кетейік, бүгін ЕАЭО коллегиясының мүшесі Тимур Жақсылықов отандық бизнесмендермен кездесіп, маңызды бір кеңес берді. 

Фото: iran.negusexpo.ru

Соңғы жаңалықтар