ЕАЭО-да ортақ энергетикалық нарықты құру xаттамасы рәсімделеді - Қанат Бозымбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ЕАЭО ортақ энергетикалық нарықты құру шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуразиялық экономикалық одақта ортақ энергетикалық нарықты құру аясында ағымдағы жылы мамырдың аяғына дейін одаққа мүше елдер арнайы xаттаманы рәсімдейді. Аталған шара ЕАЭО туралы келісімшарттың бес жылдығына арналады. Жалпы, ортақ энергетикалық нарықты құру шаралары кезең-кезеңімен атқарылады. Нормативтік база әлі пысықталып жатыр. Негізі, осы саладағы әріптестік тең дәрежеде жүргізіледі және ешкімге экономикалық залал келмейді», - деді Қ.Бозымбаев азаматтық қоғам өкілдерімен болған кездесуде.

Министрдің айтуынша, мамыр айында рәсімделетін xаттамада ортақ нарықты құру кезеңдері көрсетіледі.

«Хаттама нарықты құру кезеңдерін реттейтін болады. Негізі, аталған құжаттың кейбір тармақтары бойынша әлі күнге дейін қызу талқылау жүріп жатыр. Мәселен, Қазақстан мен Ресейдің арасында бірқатар мәселелер болды. Дегенмен, біз оның бәрін реттеп алдық. Сосын экспорт және импортпен айналысатын арнайы ұйымды құруға қатысты маңызды бір мәселе болды. Қазақстанда кез келген компания рұқсат алып, энергияны экспортқа шығара алады, импорт жасауға да болады. Ал Ресейде ондай жұмыспен арнайы ұйымдар айналысады. Осының үлгісінде әрбір мемлекетте арнайы ұйымды құру мәселесі көтерілген болатын. Бірақ біз өз позициямызды қорғап қалдық. Экспорт пен импортты монополизациялаудың қажеті жоқ деп санаймыз», - дейді Қ.Бозымбаев.

null

Соңғы жаңалықтар