ЕАЭО-да өнеркәсіп өнімдерін үшінші елдерге жылжыту бойынша қосымша шаралар қолға алынбақ

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің өнеркәсіп өнімдерін үшінші елдердің нарығына ілгерілету жөніндегі қосымша іс-шаралар тізбесі қабылданды. Бұл туралы ҚазАқпарат ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ЕАЭО-да экспорт үшін заманауи сынақ базасын ұлғайту - біздің өндірушілердің сыртқы нарықтағы экспорттық қызметінің нәтижелілігі шешілуіне байланысты өзекті міндеттердің бірі. Бұл үшінші елдердегі сертификаттау шығындарын азайтуға және ағымдағы экономикалық жағдайда Одақ өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені министрі Артак Камалян.

ЕЭК алқасы қабылдаған ұсыныс ЕАЭО елдерінің салалық және экспорттық басымдықтарын ескере отырып, өнеркәсіп өнімін жеткізудің перспективалық бағыттары туралы сертификаттаушы ұйымдарды хабардар етуге көмектеседі, сондай-ақ Одақта экспортты қолдаудың жаңа тетіктерін дамытуға ықпал етеді.

«Осы ұсыныс ЕАЭО өнеркәсіп саласының экспорттық әлеуеті тұрғысынан Одақ елдерінің сынақ зертханалары үшін маркетингтік ақпарат саналады. Осы құжатты қабылдау арқылы оларға бірқатар мәселелер бойынша, мысалы, қай аккредиттелген сертификаттаушы ұйымдармен және қандай нақты тауар бойынша сынақ қызметтерін көрсету туралы шарттар жасасу тұрғысынан келіссөздер жүргізу орынды болады», - деп қорытындылады Артак Камалян.


Соңғы жаңалықтар