ЕАЭО-да құпия ақпаратты қорғауға қатысты Арменияның жауапкершілігі бекітілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге Арменияның қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына 5 жыл болды. Осы кезеңде Еуразиялық экономикалық одаққа Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасы қосылды. Еуразиялық экономикалық комиссия бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуына, оның ішінде, егер бұл бәсекелестікке теріс ықпал ететін болса, трансшекаралық нарықтардағы талаптар бұзушылықтарының жолын кесу бойынша бақылауды жүзеге асырады. Еуразиялық экономикалық комиссия трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерді қарау, тергеу жүргізу және істерді қарастыру кезінде, құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауапкершілік туралы құпия ақпарат Келісім нормаларымен қорғалады», - деп түсіндірді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин.

Бұл келісімге 2014 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасымен бірлесіп қол қойған.

Ратификацияланатын хаттамаға сәйкес Армения Республикасы келісімге қосылады.

«Арменияның осы келісімге қосылуы оның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің субъектілеріне қатысты трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілеттігін іске асыруға толық құқықты қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді агенттік басшысы.


Соңғы жаңалықтар