ЕАЭО-да есепте тұрған көліктер Нұр-Сұлтандағы автоХҚО-ға тіркелуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазИнформ – Нұр-Сұлтанда ЕАЭО-да тұрақты тіркелген автомобильдерді тіркеу акциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін, 1 ақпаннан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік құралдарын тіркеу, техникалық паспорттар мен мемлекеттік нөмірлерді сары түсті фонды, 18-аймақтағы мемлекеттік нөмірге ауыстыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру басталды. Акция басталды, енді адамдарға техпаспортты өзгертіп, уақытша тіркеу үшін не істеу керек екенін түсіндірудеміз.


Арменияда тұрақты тіркеуде тұрған көліктердің қазақстандық иелері (және ЕАЭО құрамындағы басқа да мемлекеттерде тұрақты тіркеуде тұрған) техникалық паспорттарын арнайы ХҚКО-ға апарып, көлігін көрсетуі керек. Тиісінше, олар мемлекеттік нөмір мен тіркеу куәлігі үшін ақы төлеуі керек. Одан кейін мемлекеттік нөмір мен техникалық паспортын алады. Бұл жерде мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық төленген-төленбегенін тексеріп, көлікті алғашқы тіркегені үшін алым талап етеді», – дейді елордалық мамандандырылған автокөлік иелеріне арналған орталықтағы қызметкерлердің жұмысы туралы айтқан Е. Шүпеков.


Оның айтуынша, автокөліктерге фоны сары түсті мемлекеттік нөмірлер дайындалып қойған. Нұр-Сұлтан қаласында ЕАЭО елдерінде тіркелген 2,5 мың көлік бар.


Сондай-ақ, Басқарма басшысы шетелдік нөмірлі көлігі бар адамдардың көңілі толмауына дұрыс ақпараттанбағандары себепші болған.

«Бұл азаматтар, мысалы, Арменияда сатып алынған автокөліктерге кедендік рәсімдеуді сол мемлекетте өз азаматтары үшін белгіленген жеңілдіктермен жүргізді және оларды уақытша тіркеу орнына есепке қойған немесе тіркеген. Одан кейін ол көліктерді Қазақстанға алып келген. Енді олар, Үкіметтің қаулысына сәйкес, уақытша тіркеуге алғашқы жарнаны 1,365 миллион теңге көлемінде төлеуі керек», - дейді ол.


Акция 1-29 ақпан аралығында болады.

Еске сала кетсек , бұған дейін шетелдік көлікті Қазақстанға қалай тіркеуге болатыны туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар