ЕАЭО-да елдер дауысқа сала отырып шешім қабылдау механизмі іске қосылды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Экономикалық зерттеулер институтының басшысы Руслан Сұлтанов экономикалық интеграция аясында шешім қабылдаудың маңызды механизмі іске қосылғанын мәлімдеді. Яғни, егер бір ел қарсы болса шешім қабылданбайды. Бұл туралы ол Jibek Joly телеарнасындағы «Фокус внимания» бағдарламасының эфирінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең маңыздысы – интеграция аясында шешім қабылдау механизміне қол жеткіздік. Шешім бірауыздан қабылдануы керек: егер елдердің бірі қарсы болса шешімге қолдау болмайды және қабылданбайды», -деп мәлімдеді Руслан Сұлтанов.

Оның айтуынша, бұл - әр елдің мүддесін қорғайтын маңызды фактор.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауылшаруашылығы саласындағы өнім өндірушілермен кездесіп, жақында Мәскеуде өткен саммитті қорытындылап, ЕАЭО қызметінің негізгі бағыттарын айқындап берді.


Соңғы жаңалықтар