ЕАЭО-да азаматтардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету үшін цифрлық экожүйе құрылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің ағымдағы жылғы алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшелері еуразиялық экономикалық интеграцияның даму келешегін, оның ішінде ұлтүстілік кәсіпорындар құру, цифрлық жобаларды жүзеге асыру тәртібі және өзге де мәселелерді талқыға салды. Комиссия кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ елдері азаматтарының жұмысқа орналасуы мен жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін цифрлық экожүйе моделін әзірлеу жөніндегі бастаманы одан ары тыңғылықты қарастыра түсу, сонымен бірге бұл тақырыпта зерттеулер жүргізуді мақұлдады. Еуразиялық электронды еңбек биржасын құру жөніндегі бастаманы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған болатын.

"Электронды еңбек биржасы бір жағынан жұмыс берушіге, екінші жағынан жұмыс іздеп жүрген жеке тұлғаларға аталған алаңда өзіне сай келетін жұмыс орнын тауып, келісімшарт жасасуынамүмкіншілік береді. Бұл тұғырнама құрылуы тиіс және электронды заңды келісімшарттардың қалай жасалатындығы жөніндегі тетіктері әзірленуі қажет", - деп атап өтті ЕЭК алқасының төрағасы Тигран Саркисян.

Сонымен қатар ЕЭК кеңесі тарапынан "Энергетика және электрлендіру" 15-ші Еуразиялық технологиялық тұғырнамасы құрылды. Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясының 9 кәсіпорнымен ғылыми институты құрылтайшы болып отыр.

Жаңадан құрылған Еуразиялық технологиялық тұғырнама қызметінің негізгі бағыты мыналар: энергетикалық машина жасау, электрлендіру, сондай-ақ "ақылды" электр желілерін құру және тарату. Шалғайдағы тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтау үшін жаңартылатын энергия көздерін дамыту және пайдалану жоспарланған.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта ғарыштық технология, биология, медицина, фотоника, экология, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі салаларында 14 Еуразиялық экономикалық тұғырнама іске қосылған. Комисссия басымдыққа ие еуразиялық тұғырнамаларды құруға бағытталған жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Авторы: Медет Ахметов

Соңғы жаңалықтар