ЕАЭО-да агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңес құрылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңес құрылады. «Алтын күз» 19-шы Ресей агроөнеркәсіп көрмесінің аясында ұйымдастырылған Одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесуінде осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіп жөніндегі алқасының мүшесі (министр) Сергей Сидорскийдің пікірінше, Кеңестің құрылуы АӨК стратегияларын, бағыттары мен перспективаларын айқындауға, Одақтың аграрлық нарығын дамытуға мүмкіндік береді. «Еуразиялық экономикалық одақтың аграрлық секторы былтыр 4,5% дамыған болса, биылғы өсім 1,5%-ті құрап отыр», - деді ол.

ЕАЭО тарихындағы ауыл шаруашылығы министрлерінің алғашқы кездесуінде ЕЭК Алқасының мүшелері (министрлер) Сергей Сидорский, Вероника Никишина және Валерий Корешков қатысты.

Қатысушылар бұдан тыс Одақтың үшінші елдермен преференциалдық келісімдер жасасуға көзқарастарын қалыптастыру, өзара сауда-саттықты ынталандыратын ветеринарлық-санитарлық бақылау мәселелері де қаралды.

Соңғы жаңалықтар