ЕАЭО-да 22 жаңа техникалық регламент жасалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақта Кедендік одақ аясында қабылданған техникалық регламенттерге қосымша ретінде азық-түліктің әр түрлі түрлеріне 22 жаңа техникалық регламент жасалады. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссиясының баспасөз қызметінен хабарланды.

Солардың ішінде екі техникалық регламенттің өңделуіне Беларусь, үшеуіне - Қазақстан, 14-не - Ресей және тағы үшеуіне - Еуразиялық экономикалық комиссия жауапты болады.

Қазақстан «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Жем-шөп және жем қоспалары туралы» және «Көмірге және оларды қайта өңдеуге қойылатын талаптар» техникалық регламенттерін дайындайды.

Бұдан басқа, қазіргі кездегі бірқатар регламенттерге өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Беларусь алты, Қазақстан - екі және Ресей жеті регламентке өзгерістер енгізеді.

Соңғы жаңалықтар