ЕАЭО: Балалар тағамы таңбалануға жататын өнімдер тізімінен алынып тасталды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – 23 желтоқсан күні өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі отырысының қорытындысы бойынша сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын сүт өнімдерінің жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілді. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ЕЭК Алқасы Төрағасының көмекшісі Ия Малкина мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпараттың меншікті тілшісі хабарлайды.

«ЕЭК кеңесі сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлардың – сүт өнімдерінің жекелеген түрлерінің тізбесін бекітті. Атап айтқанда, осы тізбедегі таңбаланбаған тауарларды айналымға жіберуге тыйым салуды енгізу мерзімдері анықталды», – деп атап өтті И.Малкина.

Құжатта Одақтың бүкіл аумағында тауарларды міндетті таңбалауды енгізудің үш кезеңі ұсынылған:

1. 2021 жылғы 1 маусымға дейін – ірімшіктер үшін, сондай-ақ балмұздақ және құрамында какао бар немесе жоқ тағамдық мұздың өзге де түрлері үшін.

2. 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін – сақтау мерзімі 40 тәуліктен асатын сүт өнімдері үшін (сүт, кілегей, йогурт, айран, сүзбе, сары май).

3. 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін – сақтау мерзімі 40 тәулікке дейін қоса алғанда сүт өнімдері үшін.

ЕЭК өкілі атап өткендей, шешім қабылданып, таңбалауды қажет етпейтін өнім анықталды. Бұл, мысалы, үш жасқа дейінгі балаларға арналған тағам. Тауар қалдықтарын таңбалау да жүзеге асырылмайды. Қабылданған шешімге сәйкес, таңбалауды енгізу күнін әр ел дербес айқындайтын болады.

«Ресей Федерациясында таңбаланбаған өнім айналымына тыйым салудың көрсетілген мерзімдері бар сүт өнімдерін таңбалауды енгізу туралы шешімдер қабылданып қойғанын еске саламын», – деп хабарлады И. Малкина.


Соңғы жаңалықтар