ЕАЭО аясындағы өзара саудада теңгенің үлесі қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара саудада теңгенің үлесі қандай? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ЕАЭО аясында кәсіпкерлер өзара есеп айырысар кезде қандай валютаны таңдауы керектігі жөнінде шектеу немесе арнайы реттеу формасы жоқ. Қандай валютада есеп айырысу жөн екенін кәсіпкердің өздері шешеді», - деді Жанель Күшікова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша теңгемен сауда жасайтын кәсіпкерлердің саны өте аз.
«Әлбетте Ресей Федерациясымен сауда қарым-қатынасы баяғыдан келе жатыр. Екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі өте үлкен. Кәсіпкерлер көбінесе ұлттық валютада есеп айырысқанды жөн көреді. ЕАЭО аясында есеп айырысудың шамамен 76-77 пайыздық мөлшері ұлттық валютамен жүргізіледі. Ресей Федерациясы деген ауқымды нарық екенін ескерсек, бұл есеп айырысудың орасан зор үлесі ресейлік рубльге тиесілі екенін түсінеміз. Ал теңгенің үлесі бұл тұрғыда шамамен 1,5 пайызды құрайды», - деді ол.
- Нығматулин: Заң жобасы ТМД елдерінен асыл тұқымды малдарды кедергісіз әкелуге жол ашады
- ЕАЭО аясында асыл тұқымды мал шаруашылығы нарығын дамыту тәртібі айқындалды
- Теміртауда лицензиясыз ішімдік жасаған жасырын цех анықталды
- ЕАЭО елдерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім күшіне енді
-
Атырау облысында жалған құжатпен шетелге тауар өткізіп келген тұрғын сотталды
-
Зияткерлік меншік объектілерінің кеден тізіліміне енгізу ережесі жеңілдеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам