ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие – Тоқаев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Біз үшін, 2015 жылғы шартта көрсетілгендей, ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Экономикалық интеграция түпкі мақсат емес. Бұл тек ұйымға мүше мемлекеттердің экономикасын дамытудың және халықтарының әл-ауқатын жақсартудың бір құралы екенін түсіну маңызды.

Сондықтан экономикалық интеграцияның жетістігі стратегиялар, келісімдер және шешімдердің санымен емес, керісінше, жаңа өндірістер, технологиялар және жұмыс орындарымен бағаланады»,-деді Президент.


Соңғы жаңалықтар