ЕАЭО аясында зейнетақы мәселесі қалай реттелмек

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Еуразия экономикалық одағы еңбеккерлерін зейнетақымен қамту туралы келісімнің жобасы мемлекет ішінде келісімдеу аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі Еуразия экономикалық комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жобаны жуырда ЕЭК Алқасы мен Кеңесі қарап, одан кейін оға қол қоюға қажетті әр мемлекеттің ішіндегі процедураларды жүргізу үшін тараптарға жібереді», - дейді ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқасының мүшесі Тимур Жақсылықов.

Келісімге сәйкес, еңбеккерлер одақтың қай мемлекетінде еңбек еткенінен тыс, оларға өздері зейнетақы алатын мемлекеттің басқа азаматтарымен бірдей жағдай жасалады. Әрбір мемлекет өз аумағындағы еңбек өтілі үшін зейнетақыны өзі төлеуі мүмкін.

Т. Жақсылықовтың айтуынша, келісім ЕАЭО-ның басқа мемлекетіндегі еңбек өтілінің есебі мен зейнетақыны экспорттау мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Құжат одаққа мүше мемлекеттер азаматтарын әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға жол ашады.

Келісімнің жобасын ЕЭК ЕАЭО туралы шарттың 98-бабының 3-тармағына сәйкес одаққа мүше елдермен ынтымақтастықта әзірлеген.

Комиссия алқасының 2018 жылғы 26 маусымдағы №112 өкімімен келісімнің жобасы мемлекет ішіндегі келісімдерді жүргізу үшін одаққа мүше мемлекеттерге жіберілген болатын.

Автор: Медет Ахметов

Соңғы жаңалықтар