ЕАЭО аясында тұтынушыларға тауардың сапалық сипаттамасы туралы ақпарат беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 - 2016 жылдары іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Аталған келісімге 2015 жылғы 8 қыркүйекте Гроднода (Беларусь Республикасы) қол қойылған. Келісімді ратификациялау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін және одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген тауарларды таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, тұтынушыларға тауарлардың сапалық сипаттамасы туралы ақпарат беру қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, келісімге сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі бақылау белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар тізбесін бекітеді. Ал мұндай шешім ресми жарияланған күнінен бастап кемінде күнтізбелік 60 күн өткен соң күшіне енеді. Тізбеге енгізілген тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің өз мүше мемлекеттерінің құзыретті органдарына беретін ақпаратының құрылымы мен форматына қойылатын талаптар қарастырылады. Бұдан бөлек, мүше мемлекеттердің құзыретті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ осы Келісімнің орындалуын мониторингілеуді және бақылауды, сондай-ақ Тізбеге енгізілген тауарлардың айналымын және олардың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл мақсатта мүше мемлекеттердің құзыретті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның арасында берілетін ақпараттың құрылымы мен форматына қойылатын талаптар бекітіледі.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Соңғы жаңалықтар