ЕАЭО аясында техникалық реттеу тәртіптері қалай жүзеге асырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ЕАЭО-ның техникалық регламенттерге қатысты өзара байланысты стандарттардың тізімі бар. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда және интеграция министрлігі жаңа редакциядағы техникалық реттеу туралы заң жобаларын қоғамдық талқылауды ұйымдастырды.

Диалог барысында Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев ЕАЭО аясында техникалық реттеудің қалай жүзеге асырылатындығы туралы айтып берді.

«Бізде техникалық регламенттердің бірыңғай тізімі бар. ЕАЭО-ның осы техникалық регламенттерге қатысты өзара байланысты стандарттардың тізімі бар және ол сәйкестікті бағалау негізінен сертификаттау немесе декларациялау схемасына сәйкес жүзеге асырылады. Көлік қауіпсіздігі сертификаттары арқылы көлік құралдарының расталуын бағалау сияқты бірегей схема бар, сондай-ақ бізде кемелердің, аттракциондардың және лифттердің сәйкестігін растаудың кейбір белгілері бар. Бұл - өмірдің әртүрлі кезеңдерінде өзіндік ерекшеліктеп бар дегенді білдіреді», - дейді А.Шаққалиев.

Төраға міндетті емес талаптар белгіленбеген өнімдер қалай реттелетіні туралы айтты.

«Міндетті емес талаптар белгіленбеген өнімдер бар. Бұл топтағы өнімдер жалпы қауіпсіздік туралы келісім арқылы реттеледі. Келісім бүгінде ішкі мақұлдау рәсімдерінің барлық кезеңдерінен өтті. Төрт мемлекет қол қойды, Қазақстанда қол қою рәсімін аяқтау сатысында. Ол Еуропалық қауіпсіздік нұсқауларына негізделіп жасалған», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар