ЕАЭО аясында ортақ валюта одағы құрылмайды - Ұлттық банк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай валюталық одақ құру көзделіп отырған жоқ. Бұл жайында ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық банк мәліметінше, Еуразиялық интеграцияның негізгі бағыттары 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартпен айқындалады. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 62-64, 70 және 103 баптарына сәйкес өзара айырбасталатын ұлттық валютаны қамтамасыз ету және ортақ қаржы нарығының жұмыс істеуіне жағдай жасау үшін келісілген валюталық саясат жүргізу қарастырылған. Ақша-несие саясаты және валюталық реттеу мәселелері толықтай ЕАЭО елдерінің орталық банктерінің құзіретіне кіреді.

«Осылайша, валюталық одақ құру және бірыңғай валюта енгізу қарастырылып отырған жоқ. Сонымен қатар, бірыңғай ақша-несие саясатын жүргізу үшін ұлттық органдардан жоғары тұратын реттеу қызметін беру арқылы бірыңғай орталық банк құру қарастырылмаған және қарастырылмайды да», - делінген таратылған ақпаратта.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Еуразиялық даму банкі ЕАЭО-ның жұмыс органы болынп саналмайды және оның қызметі шартпен қарастырылмаған. Еуразиялық даму банкі ЕАЭО туралы шарттан тыс мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған. Қазіргі уақытта аталған банкке Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мүше. ЕАДБ қызметі инфрақұрылымдық дамуүшін мүше мемлекеттердің инвестициялық жобаларын қаржыландыруға және өнеркәсіптік өндіріс саласындағы жобаларды қолдауға бағытталған. Аталған банктің инвестициялық қоржыны 3,545 млрд долларды құрайды. Оның ішіндегі Қазақстанның үлесі жалпы көлемнің 39,7 пайызына тең.

«ЕАДБ басшылығының айтқаны шындыққа жанаспайды және Еуразиялық экономикалық одақ аясында қабылданған уағдаластықтарға қарама-қайшы», -деп атап өтті Ұлттық банктен.

Соңғы жаңалықтар